ДССССРБСЖМСНЖК
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру»
мемлекеттік қызметінің төлқұжаты
(мемлекеттік қызметтің атауы)  

1 Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган Мемлекеттік қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2 Қызметтің тұтынушылары Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
3 Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы* Қағаз түрінде.
4 Қызметтің көрсетілетін орны Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші беререді, Төлқұжаттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлары көрсетілген.
5 Қызметтің көрсетілетін тәртібі
  1. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы арқылы жүзеге асырылады.
  2. Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
6 Қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушылар үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім  үшін мынадай құжаттарды ұсынады: 1)осы Төлқұжаттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi; 3) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;       4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;       5) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);       6) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж, келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);       7) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.       Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
7 Қызметтiң құны және төлеу тәртібі Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.
8 Қызметтің көрсетілетін мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1)  құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік             30 (отыз) күн; 2)  құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 3)  қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
9 Қызмет көрсетілуінің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
10 Нормативтiк құқықтық акттер** Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы     № 221 Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы №88-V Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық тілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.


  «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік
қызмет төлқұжатына
1-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
Сәулет және қала құрылысы басқармаларының тізімі
 

Р/с № Атауы Мекен-жайы Телефон нөмiрлерi Интернет-ресурстары
1 2 3 4 5
1 Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Көкшетауқаласы, Абай к-сi, 87 8 (7162) 40-10-17 www.saulet.akmo.gov.kz

 

«Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi
(ғимараттары) етiп қайта бейiндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешiм беру» мемлекеттiк
қызмет төлқұжатына
2-қосымша

нысан
көрсетiлетiн қызметтi берушiге

____________________________________
(көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi,
аты, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында))
көрсетiлетiн қызметтi алушыдан
____________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (оның
болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен
ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық
мекен-жайы,телефоны және БСН)

Өтiнiш

Сiзден ______________________________________________________________

мекенжайы бойынша орналасқан _______________________________ үйiн

(ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық

мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.

Ғибадат үйi ________________________________________________________.

(конфессияға тиесiлiлiгi)

Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ___________________________.

Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) __________________________.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы ______ Өтiнiш берген күнi _______

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мөрi _________________________________

Мақаланың шыққан күні: 21.04.2016 16:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.04.2016 14:36
Қаралым саны: 173
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика