ДССССРБСЖМСНЖК
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

Жүктеу (DOCX 21 Kb)

Дiни қызмет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 26 мамырда № 11183 тiркелдi

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Дiнтану сараптамасын жүргiзу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерiн бекiту туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Дiни iс-шараларды өткiзуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерiнен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келiсу туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Дiн iстерi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн он күнтiзбелiк күннiң iшiнде осы бұйрықтың мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» құқықтық-ақпараттық жүйесiнде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсiн;
4) осы тармақпен көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi iс-шараларды орындағаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрi М.А. Әзiлхановқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрi А. Мұхамедиұлы
«КЕЛIСIЛДI»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
_______________ Е.Досаев
2015 жылғы « »

«Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен әзiрленген.
3. Мемлекеттiк қызметi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiмен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде
6.Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi –көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн.
Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.
Өтiнiштi қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшада берiлген нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып — дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортының көшiрмесiмен қоса, құқық белгiлеушi құжаттың көшiрмесi және жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;
4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы анықтама;
5) меншiк иесiнiң үйдi (ғимаратты) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
6) тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысы қол қойған ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы еркiн нысандағы негiздеме (ғибадат үйiнiң (ғимаратының) атауы және ол тиесiлi болатын дiни бiрлестiк, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж, келушiлер саны, ғибадат үйiнде (ғимаратында) қызмет ететiн дiни қызметкерлерге үмiткерлер көрсетiлген);
7) үйлердi (ғимараттарды) қайта бейiндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi жиналысының ғибадат үйiн (ғимаратына) қайта бейiндеуге (жақын маңда ғибадат үйi (ғимараты) аумағымен шектесетiн (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi.
Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектiсiнiң органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйiне немесе ғимаратына қайта бейiндеуге келiсiмi туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетiн (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) жеке тұлғаның үйi, заңды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күнi, мерзiмi және кiрiс құжаттардың нөмiрi көрсетiлiп, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөртаңбасы қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға негiз ретiнде егер дiни бiрлестiктердiң қызметi:
1) бiр дiннiң үстемдiгiн орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы iс-әрекеттермен байланысты дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға,
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, дiни бiрлестiктердiң қызметiне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтiрумен, ерлi-зайыптылардың некесiн бұзумен (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтiрумен, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген мiндеттерiн атқарудан бас тартуға түрткi болуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның iшiнде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың дiни бiрлестiктерден шығуына кедергi келтiретiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметiне мәжбүрлеп тартса;
5) дiни бiрлестiктiң қатысушыларын (мүшелерiн) және дiн ұстанушыларын дiни бiрлестiктiң, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерiнiң) пайдасына өздерiне тиесiлi мүлкiн иелiктеуге итермелесе;
6) дiндi және дiни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың қызметiне қасақана iрiткi салуға, олардың үздiксiз жұмыс iстеуiнiң бұзылуына, елдегi басқарушылық деңгейiн төмендетуге әкеп соғатын шешiмдердi қабылдауға және iс-әрекеттер жасауға түрткi болса мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiге мүмкiндiгi шектеулi көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш берген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi: ғимарат мүмкiндiгi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандустармен жабдықталған.
14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердiң мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкiмет» веб-порталында орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң телефоны арқылы алуға мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi
(ғимараттары) етiп қайта бейiндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту) туралы
шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
қосымша
нысан
көрсетiлетiн қызметтi берушiге
____________________________________
(көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi,
аты, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында))
көрсетiлетiн қызметтi алушыдан
____________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (оның
болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен
ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық
мекен-жайы,телефоны және БСН)

Өтiнiш

Сiзден ______________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан _______________________________ үйiн
(ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу (функционалдық
мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.
Ғибадат үйi ________________________________________________________.
(конфессияға тиесiлiлiгi)
Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ___________________________.
Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) __________________________.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы ______ Өтiнiш берген күнi _______
Көрсетiлетiн қызметтi алушының мөрi _________________________________

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2016 16:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.03.2017 15:47
Қаралым саны: 261
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика