ДССССРБСЖМСНЖК
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын
жерін айқындау туралы шешім беру»
мемлекеттік қызметінің төлқұжаты
(мемлекеттік қызметтің атауы) 

1 Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2 Қызметтің тұтынушылары Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
3 Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы* Қағаз түрінде.
4 Қызметтің көрсетілетін орны Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін көрсетілетін қызметті беруші беререді, Төлқұжаттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлары көрсетілген.
5 Қызметтің көрсетілетін тәртібі
  1. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің жауапты атқарушысы арқылы жүзеге асырылады.
  2. Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, құжаттардың қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп мөртаңба қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
6 Қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушылар ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін анықтау туралы шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Төлқұжаттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi; 3) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген); 4) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады, ) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі.
7 Қызметтiң құны және төлеу тәртібі Мемлекеттік қызмет тегін көрсетiледi.
8 Қызметтің көрсетілетін мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1)  құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік             30 (отыз) күн; 2)  құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут; 3)  қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
9 Қызмет көрсетілуінің нәтижесі Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе көрсетілетін қызметті берушінің стандарттың 10-тармағына көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
10 Нормативтiк құқықтық акттер** Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы     № 221 Заңы, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 15 сәуірдегі 2013 жылғы №88-V Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық тілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу 
және олардың орналасатын жерін анықтау, сондай-ақ 
үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары)
етіп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын
өзгерту) туралы шешімдер беру» мемлекеттік
қызмет төлқұжатына
1-қосымша  

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
Сәулет және қала құрылысы басқармаларының тізімі  

Р/с № Атауы Мекен-жайы Телефон нөмiрлерi Интернет-ресурстары
1 2 3 4 5
1 Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Көкшетауқаласы, Абай к-сi, 87 8 (7162) 40-10-17 www.saulet.akmo.gov.kz

 

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерiн айқындау,
  сондай-ақ үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi
(ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық
мақсатын  өзгерту) туралы шешiм беру» мемлекеттiк
қызмет төлқұжатына
2-қосымша

нысан
көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі,
аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның
болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен
ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық
мекен-жайы, телефоны және БСН)

 

Өтініш

 

Сізден _______________________________________________ мекенжайы

бойынша орналасқан жалпы көлемi _______ гектар жер учаскесiнде

ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

Ғибадат үйi ________________________________________________________.

                        (конфессияға тиесiлiлiгi)

Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi ____________________________.

Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) __________________________.

Көрсетілетін қызметті алушының қолы ______

Өтініш берген күні _______

Көрсетілетін қызметті алушының мөрі ________________________________.

Мақаланың шыққан күні: 21.04.2016 16:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.04.2016 14:37
Қаралым саны: 394
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика