Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру

Жүктеу (DOC 191 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы 27 қарашадағы
№ А-11/581 қаулысына
1 — қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ А-8/383 қаулысымен
бекiтiлген

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу ("Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде ақпарат болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiредi) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжай беру туралы анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жою туралы анықтама беру (бұдан әрi — анықтама) немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) әрекет ету тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (әрекеттiң) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, анықтаманы — 5 жұмыс күнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4) басшы анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн тiркейдi және бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (әрекеттердiң) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (әрекеттiң) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

4) анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

5) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекет ету тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсе қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (әрекеттiң) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) арасындағы рәсiмдердiң (әрекеттердiң) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, анықтаманы — 5 жұмыс күнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 2 жұмыс күнi;

4) басшы анықтамаға немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) кеңсе қызметкерi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн тiркейдi және бередi — 15 минут.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорация арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жүгiну тәртiбi мен рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды қабылдайды және тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн тiркейдi және құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — осы Регламенттiң 5 тармағында қарастырылған көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (әрекеттерi);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 20 минут.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбi мен рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегiмен порталда тiркеудi жүзеге асырады;

1-процесс — мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн енгiзу процесi (авторизация процесi);

1-шарт — порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың бар болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық түрдегi қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдап алуы;

2-шарт — порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқ екендiгiн, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасында);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сауалды өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өнiрлiк шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты) жолдау;

3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен көрсетiлетiн қызметтi алушы қоса берген Стандартта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi сәйкестiкке тексеру;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦК түпнұсқалығының құжатында расталмалғандығына байланысты сұратып отырған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi хабарлама) алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекет етуiнiң диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау осы Регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

Мақаланы құрған күні 18.04.2016 18:09
Мақаланы жаңартқан күні 05.01.2020 17:27
Қаралым саны: 3851
© 2020. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы