ДССССРБСЖМСНЖК
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысы туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысы туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру (PDF 415 Kb)

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 28 шiлдеде № 15398 болып тiркелдi

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi заңнамамен белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның қазақ және орыс тiлдерiндегi қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмелерiн мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жiберудi;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық бiрiншi ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрi                                                                                          Ж. Қасымбек

"КЕЛIСIЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
____________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы 28 маусым
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 387 бұйрығына
2-қосымша

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап — жұмыс күндерi 6 (алты) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн барынша ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес белгiленген мерзiмде құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттар ұсынған көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi одан әрi қараудан бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14:30-ге дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбi — жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00, 18.30-ға дейiн көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейiн түскi үзiлiспен 09.00-дан 17.30-ге дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетедi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) қызметтi берушiге өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажет құжаттар тiзбесi:

1) Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес шартқа(-тарға) өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шартты / қосымша келiсiмдi талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке қою / шартты есептен шығару туралы өтiнiш;

2) Тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беру қорының тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беруi туралы шартты немесе жергiлiктi атқарушы органның үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы шешiмi;

3) Шарттың, Шартқа қосымша келiсiмнiң (болған жағдайда) түпнұсқасы.

10. Мыналар мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық емес екенiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 30 қыркүйектегi № 434 бұйрығында (нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзiлiмiнде № 14311 тiркелген) белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызмет алушыға қатысты белгiленген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн қызметтi немесе қызметтiң жекелеген түрлерiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiле отырып, шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждемелi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не болмаса қызмет берушiге қолма қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: (1414).

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк
қатысу туралы шарттың есептiк
жазбасы туралы үзiндi беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан

Шартты (-тарды)/шартқа өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы қосымша келiсiмдi есепке қою туралы/шартты есептен шығару туралы үзiндi

Құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы мәліметтер (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және заңды/нақты мекенжайы) Құрылыс объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері, объектінің техникалық сипаттамасы) Құрылысты бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтер Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен жасалған шарт/ Үлескердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсаты Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нөмірі және күні Үлескер туралы мәліметтер (Т.А.Ә. (болған жағдайда) төлқұжат, жеке куәлік деректері) Үлескердің үлесі туралы мәліметтер (үй-жайдың түрі, алаңы, қабаты, пәтер нөмірі және т.б.) Шарт бойынша құқықтарды басқаға беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер (нөмірі және күні) Шартты бұзу/ есептен шығару (нөмірі, күні және негіздемесі)
1 2 3 4 5 6 7 8 9

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк
қатысу туралы шарттың есептiк
жазбасы туралы үзiндi беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Әкiмi

(көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атауы)

_____________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

_____________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы,

_____________________________________

заңды тұлғаның атынан әрекет ететiн

жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

_____________________________________

(жеке тұлғаны куәландыратын

_____________________________________

құжат деректемелерi

_____________________________________

байланыс телефоны, мекенжайы)

Шартқа(-тарға) өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы
шартты қосымша келiсiмдi / талап ету құқықтарын басқаға беру туралы
шартты есепке қою / шартты есептен шығару туралы
ӨТIНIШ

Ұсынылған құжаттардың негiзiнде Сiздi тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

шарттарды есепке алу журналына жазба енгiзiп, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы

шартты/шартқа өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы қосымша келiсiмдi/талап

ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке алуды/шартты есептен шығаруды

сұраймыз (қажеттiсiн таңдау).

Уәкiлеттi компанияның атауы

____________________ /_________________________________________/20____ ж. "_____" _______________

Қолы уәкiлеттi өкiлдiң Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Мақаланың шыққан күні: 22.09.2017 16:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2017 16:00
Қаралым саны: 304
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика