Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысы туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрiнiң
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 387 бұйрығына
2-қосымша

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi немесе дәлелдi бас тарту мерзiмi — 3 (үш) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны:

электрондық түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны:

электрондық түрде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш пен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушының уәкiлеттi өкiлi порталға өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажет құжаттардың тiзбесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартқа(-тарға) өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шартты / қосымша келiсiмдi талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шартты есепке қою / шартты есептен шығару туралы өтiнiш;

Тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беру қорының тұрғын үй құрылысына кепiлдiк беруi туралы шарттың электрондық көшiрмесi немесе жергiлiктi атқарушы органның үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру туралы шешiмiнiң электрондық көшiрмесi;

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың, Шартқа қосымша келiсiмнiң (болған жағдайда) электрондық көшiрмесi.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

10. Мыналар мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады:

1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық емес екенiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 29 шiлдедегi № 352 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде № 14188 болып тiркелген) белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызмет алушыға қатысты белгiлi бiр мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн қызметтi немесе қызметтiң жекелеген түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдану тәртiбi

11. Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Мақаланы құрған күні 22.09.2017 16:21
Мақаланы жаңартқан күні 19.09.2019 16:42
Қаралым саны: 2977
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы