ДССССРБСЖМСНЖК
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру

Жүктеу (DOCX 162 Kb)

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 2 қазандағы № А-10/444 қаулысы. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 25 қазанда № 6127 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi.

Құжаттың мәтiнiнде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) "Үлескерлердiң ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi;

2) "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары В.Л.Крыловқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi                                                                                                      М.Мырзалин

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 2 қазандағы
№ А-10/444 қаулысымен
бекiтiлдi

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15398 болып тiркелген) бекiтiлген "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың есептiк жазбасы туралы үзiндi беру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 5 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 15 минут.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижелерi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды тексеру, үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындау;

4) үзiндiге немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

5) үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестiк мәнiне тексередi, үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды — 5 жұмыс күнi;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 сағат;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi үзiндiнi немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты бередi — 15 минут.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 09.11.2017 16:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 16:48
Қаралым саны: 556

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика