Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесінің отырысы

2018 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары В.Л. Крыловтың төрағалығымен облыстық Сәулет-Қала құрылысы Кеңесiнiң кезектi отырысы өткiзiлдi.

Қала құрылысы кеңесiнде:

1.Жарқайың ауданының Отрадное мен Кенское ауылдарының даму және құрылыс салу схемасы, әзiрлеушi "Қолдау" ЖШС.

2.Аршалы ауданының Жiбек жолы ауылының ЕЖЖ бас жоспарын түзету, Қостомар, Ижевское және Шөптiкөл ауылдарының даму және құрылыс салу сызбаларын түзету, әзiрлеушi "Қолдау" ЖШС.

3.Бурабай ауданы Щучинск қ. Қызылағаш а. мен "Светлый" санаторий шағын ауданының ЕЖЖ даму және құрылыс салу схемасы, әзiрлеушi "Қолдау" ЖШС.

4.Целиноград ауданының Ы. Алтынсарин ат. (Бұрынғы 96 Разъезд) ауылдың және Қосшы а. Республика көшесiнiң ЕЖЖ, әзiрлеушi- ЖК Курганов жобалары қарастырылды.

Қала құрылысы кеңесiнiң мүшелерiмен жобалар мақұлданды,оларды пысықтау бойынша ұсыныстар берiлдi.

Мақаланы құрған күні 11.12.2018 15:22
Мақаланы жаңартқан күні 11.12.2018 15:22
Қаралым саны: 1357
© 2019. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы