ДССССРБСЖМСНЖК
Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Ақмола облысының әкiмдiгiнде, әкiмнiң орынбасары А. Мұратұлының төрағалығымен Ақмола облысының сәулет-қала құрылысы кеңесiнiң кезектi отырысы өттi. Қала Кеңесiне сәулет және құрылыс саласына жетекшiлiк ететiн облыстық басқармалар басшылары мен Көкшетау қаласының бөлiмдерi басшылары, сондай-ақ коммуналдық қызметтердiң өкiлдерi қатысты.

Қала кеңесi мүшелерiнiң қарауына Көкшетау қаласы бөлiктерiнiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) шығарылды: Қопа көлi бойында ауданы 14,2 га (Ескi әуежайдан Сарыарқа шағын ауданына дейiн), Сүлейменов көшесi мен Нефтебаза кентi бойынша 6,3 га алаңдағы және бұрын әзiрленген жалпы ауданы 126,8 га алаңдағы 0, 7 га учаскенiң ЕЖЖ түзету,

Сонымен қатар, Әуезов — Әбiлқасымов — Калинин-Есенберлин көшелерiнiң кварталдарында және Ғабдуллин көшесi, 43 мекен жайында көппәтерлi тұрғын үйлер құрылысының эскиздiк жобалары қаралды.

Қопа көлiнiң жағалауындағы егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы бойынша қала кеңесi мүшелерiнiң мақұлдауын алды. Қалған жобалар бойынша жобалаушыларға оларды пысықтау бойынша ұсыныстар берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 23.12.2019 11:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.12.2019 11:46
Қаралым саны: 241

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн