ДССССРБСЖМСНЖК
Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру

Жүктеу (DOCX 152 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ А-12/584 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ А-6/278 қаулысымен
бекiтiлдi

"Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

3. Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттарды) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығымен бекiтiлген "Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартының (бұдан әрi-Стандарт) 10-тармағымен қарастырылған негiздеме бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсынудың нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң (қызметшiлерiнiң) әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (қызметтiң) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi iске асырады — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестiлiгiн тексерудi жүзеге асырады, Дiн iстерi басқармасына (бұдан әрi — Басқарма) келiсуге жiбередi — 6 күнтiзбелiк күн;

4) Басқарма құжаттарды қарайды және келiсудi жүзеге асырады немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 12 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы қаулы жобасын немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы облыс әкiмдiгiне қаулы жобасын жолдайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн;

7) облыс әкiмдiгi қаулы қабылдайды — 7 күнтiзбелiк күн;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 1 күнтiзбелiк күн.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастау үшiн негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушыны анықтау;

3) құжаттарды тексеру, құжаттарды Басқармаға келiсу үшiн беру;

4) келiсу немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындау;

5) қаулының жобасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындау;

6) қаулының жобасын жолдау немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою;

7) қаулыны қабылдау;

8) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) Басқарма;

5) облыс әкiмдiгi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi iске асырады — 30 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестiлiгiн тексерудi жүзеге асырады, Басқармаға келiсуге жiбередi — 6 күнтiзбелiк күн;

4) Басқарма құжаттарды қарайды және келiсудi жүзеге асырады немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 12 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы қаулы жобасын немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 1 күнтiзбелiк күн;

6) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы облыс әкiмдiгiне қаулы жобасын жолдайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн;

7) облыс әкiмдiгi қаулы қабылдайды — 7 күнтiзбелiк күн;

8) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 1 күнтiзбелiк күн.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — мемлекеттiк корпорацияның қызметкеры ұсынылған құжаттарды қабылдайды және тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, мемлекеттiк корпорацияның қызметкеры құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — 5 тармағында осы қызметтi берушiнiң регламенттiң рәсiмдерi (қолданылу) көрсетiлген;

3-процесс — мемлекеттiк корпорация қызметкеры көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру кезiнде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының (немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалдық куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлғаның) өтiнiш бiлдiру кезiнде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке тұлғалар үшiн — жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсына отырып, дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң немесе анықтаманың көшiрмесi;

3) жылжымайтын мүлiктiң құқық белгiлеушi құжаттын көшiрмесi және (немесе) жер учаскесiне нотариалды куәландырылған сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардын жоқ екендiгi туралы анықтама;

5) меншiк иесiнiң үйды (ғимаратты) ғибадат үйi (ғимаратты) етiп қайта бейiндеуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

6) ғибадат үйiнiң (ғимаратының) атауы және оған тиесiлi болатын дiни бiрлестiктiң, қайта бейiндеудiң мақсаттарын, аталған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж келушiлер санын, ғибадат үйiнде (ғимаратында) қызмет ететiн дiни қызметкерлердiң үмiткерлерi туралы тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысымен қол қойылған ғибадат үйiн (ғимаратын) қайта бейiндеу туралы еркiн нысандағы анықтама-негiздеме;

7) үйлердi (ғимараттарды) қайта бейiндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi жиналысының ғибадат үйiн (ғимаратына) қайта бейiндеуге (жақын манда ғибадат үйi (ғимараты) аумағымен шектесетiн (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi.

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектiсiнiң органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйiне немесе ғимаратына қайта бейiндеуге келiсiмi туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетiн (оның iшiнде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) жеке тұлғаның үйi, занды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).

Мемлекеттiк корпорацияға:

1) стандартына қосымшада берiлген нысан бойынша өтiнiш;

2) ғибадат үйiнiң (ғимаратының) атауы және оған тиесiлi болатын дiни бiрлестiктiң, қайта бейiндеудiң мақсаттарын, аталған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) дiни қажеттiлiгiн қанағаттандыруға мұқтаж келушiлер санын, ғибадат үйiнде (ғимаратында) қызмет ететiн дiни қызметкерлердiң үмiткерлерi туралы тiркелген дiни бiрлестiктiң басшысымен қол қойылған ғибадат үйiн (ғимаратын) қайта бейiндеу туралы еркiн нысандағы анықтама-негiздеме;

3) жылжымайтын мүлiктiң құқық белгiлеушi құжаттын көшiрмесi және (немесе) жер учаскесiне нотариалды куәландырылған сәйкестендiру құжатының көшiрмесi, не салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылады;

4) жылжымайтын мүлiк нысанына ауыртпалықтардың жоқ екендiгi туралы анықтама;

5) меншiк иесiнiң үйды (ғимаратты) ғибадат үйi (ғимаратты) етiп қайта бейiндеуге келiсуi туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);

6) үйлердi (ғимараттарды) қайта бейiндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететiн жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi жиналысының ғибадат үйiн (ғимаратына) қайта бейiндеуге (жақын манда ғибадат үйi (ғимараты) аумағымен шектесетiн (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келiсетiнi туралы шешiмiнiң көшiрмесi.

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектiсiнiң органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйiне немесе ғимаратына қайта бейiндеуге келiсiмi туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетiн (оның iшiнде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетiн болса) жеке тұлғаның үйi, занды тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң үй-жайы болған жағдайда ұсынылады).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы осы Регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-анықтамалығында көрсетiлген.

"Үйлердi (ғимараттарды)
ғибадат үйлерi (ғимараттары)
етiп қайта бейiндеу
(функционалдық мақсатын өзгерту)
туралы шешiм беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтiң регламентiне
қосымша

"Үйлердi (ғимараттарды) ғибадат үйлерi (ғимараттары) етiп қайта бейiндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

Мақаланың шыққан күні: 20.04.2016 10:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2018 16:55
Қаралым саны: 1992

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика