ДССССРБСЖМСНЖК
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру

Жүктеу (DOCX 229 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ А-6/278 қаулысымен
бекiтiлдi

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi — Басқарма) келiсiмi бойынша «Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

3. Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру немесе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi № 147 бұйрығымен бекiтiлген «Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартының (бұдан әрi-Стандарт) 10-тармағымен қарастырылған негiздеме бойынша және жағдайларда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсынудың нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (қызметтiң) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi өтiнiштердi және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады — 30 минут. Нәтижесi — өтiнiштi басшылыққа жолдау;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы өтiнiшпен танысады және жауапты тұлғаны анықтайды — 1 сағат.Нәтижесi — жауапты орындаушыға құжаттарды жолдау;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестiлiгiн тексерудi жүзеге асырады — 6 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — құжаттарды Басқармаға келiсу үшiн беру;

4) Басқарма көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын қарастырады және келiсiмдi немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды — 12 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi берушiге келiсiмдi немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты жолдау;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы Басқармаға келiп түскен құжаттарды тексередi және шешiм жобасын немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты басшылыққа жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмнiң жобасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап;

6) басшылық облыс әкiмдiгiне шешiм жобасын жолдайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — шешiм жобасын келiсу;

7) облыс әкiмi шешiм жобасына қол қояды және әкiмдiктiң кеңсесiне жолдайды — 7 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — шешiм жобасын тiркеу;

8) әкiмдiктiң кеңсесi шешiм жобасын тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — шешiмдi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдау;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi көрсетiлетiн қызметтi алушыға шешiмдi бередi, не болмаса мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты поштамен жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн.Нәтижесi — көрсетiлетiн қызметтi алушының шешiм беру журналына қол қоюы.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлердiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

6. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiне қатысатын құрылымдық бөлiмшелердiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) Басқарма;

5) әкiмдiк.

7. Әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттiң) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдер кезеңдiлiгiнiң сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi өтiнiштердi және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады — 30 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшылығы өтiнiшпен танысады және жауапты тұлғаны анықтайды — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және сәйкестiлiгiн тексерудi жүзеге асырады — 6 күнтiзбелiк күн;

4) Басқарма көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын қарастырады және келiсiмдi дайындайды немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты бередi — 12 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы келiп түскен құжаттарды тексередi және шешiм жобасын немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты басшылыққа жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

6) басшылық ақмола әкiмдiгiне шешiм жобасын жолдайды немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды — 1 күнтiзбелiк күн;

7) облыс әкiмi шешiм жобасына қол қояды және әкiмдiктiң кеңсесiне жолдайды — 7 күнтiзбелiк күн;

8) әкiмдiктiң кеңсесi шешiм жобасын тiркейдi және көрсетiлетiн қызметтi берушiге жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

9) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi көрсетiлетiн қызметтi алушыға шешiмдi бередi немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты почта арқылы жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн.

8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдлыiлiгiнiң толық сипаттамасы осы регламенттiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-анықтамалығында көрсетiлген.

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын)
салу және олардың орналасатын
жерiн айқындау туралы шешiм беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң
регламентiне қосымша

«Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерiн айқындау туралы шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

*ҚФБ — құрылымдық — функционалдық бiрлiк: көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы;

Мақаланың шыққан күні: 20.04.2016 11:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.03.2017 16:03
Қаралым саны: 370
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика