ДССССРБСЖМСНЖК
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру

Жүктеу (DOCX 32 Kb)

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2016 жылы 22 ақпанда № 13160 болып тiркелдi

РҚАО-ның ескертпесi!
Бұйрық 01.03.2016 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi.

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2015 жылы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешiм беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң баспа және электрондық түрде мерзiмдiк баспа басылымдарына және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына жiберiлуiн;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурызда қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушы Қ. Өскенбаев

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2016 жылғы 21 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
1-қосымша

«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк
объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:
1) «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);
2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде ақпарат болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiредi) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
порталға:
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру — 15 (он бес) минут;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру («Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсi мекенжайының өзгеруi туралы мұрағаттық мәлiметтер болмаған кезде) — 3 (үш) жұмыс күнi;
Мемлекеттiк корпорацияға:

жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне барып және мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде мiндеттi тiркей отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру — 7 (жетi) жұмыс күнi;
Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiрген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты — 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз түрiнде алуға өтiнiш бiлдiрген кезде, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық түрде рәсiмделедi, басып шығарылады.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.
7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
«Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде мәлеметтер болған жағдайда, қабылдау қөрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жүргiзiледi, ал жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша объектi болмаса, онда қабылдау жеделдетiлмеген қызмет көрсетудiң «электрондық» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезектi брондауға болады;
2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiш бiлдiрген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) порталға:
жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау үшiн:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) Мемлекеттiк корпорацияға:
жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшiн:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);
жылжымайтын мүлiкке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкiндiгi болса — қажет емес);
жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшiн:
осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);
жер учаскесiн құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергiлiктi ақтарушы органның шешiмi немесе төменде көрсетiлген құжаттардың бiрi:
сәйкестендiру құжаты;
шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);
мұрагерлiк құқық туралы куәлiк.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан талап етуге жол берiлмейдi.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы мәлеметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.
Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.
Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармағымен көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiберiледi.Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.
Портал арқылы өтiнiш жасалған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алудың күнi мен мерзiмi (егер қағаз түрiнде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетiлген хабарландыру жiберiледi.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау корсетiлетiн кызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.
10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қолхат бередi.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың
қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетiлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.
Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде халыққа
Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
Министрлiктiң: www.economy.gov.kz;
Мемлекеттiк корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.
16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.
17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.economy.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

«Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлiк
объектiлерiнiң мекенжайын анықтау
бойынша анықтама беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
(тарихсыз)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлiмi)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлiкобъектiсiнiң мекенжайын нақтылау туралы анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тiркелiмi АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектiсi / объект недвижимости)

Тұрақты тіркеу адресі:
Постоянный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайдың тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
 
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:
Кадастровый номер:

Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

Нысан

(тарихпен)

_______________________________________________________________
(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлiмi)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлiкобъектiсiнiң мекенжайын нақтылау туралы
анықтама
Справка об уточнении адреса объекта недвижимости
Мекенжай тiркелiмi АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектiсi / объект недвижимости)

Мұрағаттық мекенжай:
Архивный адрес:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения/области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Өзгертілді:
Изменен на:

Мекенжайдың тiркеу коды:
Регистрационный код адреса:

Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:
 
Өзгерістерді тiркеу күнi:
Дата регистрации изменения:

Жылжымайтын мүлiкобъектiсiне мекенжай беру туралы
анықтама
Справка о присвоении адреса объекту недвижимости
Мекенжай тiркелiмi АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектiсi / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу жекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области, наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
 
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiр:  Кадастровый номер:
 
Тiркеу күнi:
Дата регистрации:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

(Республикалық маңызы бар қаланың/облыстық маңызы бар қаланың/ауданның сәулет және қала құрылысы басқармасы/бөлiмi)
Управление/отдел архитектуры и градостроительства города республиканского значения/города областного значения/района)
Жылжымайтын мүлiкобъектiсiнiң мекенжайын жою туралы
анықтама
Справка об упразднеии адреса объекту недвижимости
Мекенжай тiркелiмi АЖ / ИС Адресный регистр
___________________________________________________________
(жылжымайтын мүлiк объектiсi / объект недвижимости)

Тұрақты / алдын ала тiркеу мекенжайы:
Постоянный / предварительный адрес регистрации:
Қазақстан Республикасы, республикалық маңызы бас қаланың / облыстың атауы,  ауданның атауы, ауылдық округтің атауы, елді мекеннің атауы, геоним атауы, мекенжай элементтері Республика Казахстан,     наименование города республиканского значения / области,  наименование района, наименование сельского округа, наименование населенного пункта, наименование геонима, элементы адреса
Мекенжайды тiркеу коды:             Регистрационный код адреса:
 
Объектінің сипаттамасы:
Описание объекта:

Объектінің санаты:
Категория объекта:

Кадастрлық нөмiрі:
Кадастровый номер:

Жойылу күні:
Дата упразднения:

Негіздеме құжат:
Документ основание:

Берілген күні:
Дата выдачи:

«Қазақстан Республикасының

аумағында жылжымайтын мүлiк

объектiлерiнiң мекенжайын анықтау

бойынша анықтама беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың бас

сәулетшiсi ___________________________________

_______________________________________________

(Т.А.Ә. немесе заңды атауы және (немесе) сенiмхат)

________________________________________________

(Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) немесе бизнес

сәйкестендiру нөмiрi (БСН) мекенжайы

________________________________________________

(заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жерi)

байланыстары____________________________________

(электрондық мекенжайы, тел.)

Өтiнiш

_____________________________________________________________________

________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

_____________________________________________________________________

(облыс, қала (елдi мекен) және объектiнiң орналасқан жерi)

_____________________________________________________________________

мекенжай(ын) (тарихсыз/тарихымен) нақтылауды, (тұрақты/алдын ала) берудi, (тұрақты/алдын ала) жоюды сұраймын. (қажеттiсiнiң астын сызыңыз)

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсемiн.

20__ жылғы «___» ____________

_____________________

(Қолы)

«Қазақстан Республикасының

аумағында жылжымайтын мүлiк

объектiлерiнiң мекенжайын анықтау

бойынша анықтама беру»

мемлекеттiк көрсетiлетiн

қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

______________________________________________

(Тегi, аты, бар болған жағдайда әкесiнiң аты

(бұдан әрi — Т.А.Ә.) не көрсетiлетiн қызметтi

алушы ұйымының атауы)

_______________________________________________

(көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы

15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының №__ бөлiмi (мекенжайын көрсету) Сiздiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттiк қызметтi көрсетуге (мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) ….

Осы қолхат әр тарапқа бiр-бiрден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. (қолы)

(Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң)

Орындаушы: Т.А.Ә. ___________

Телефоны:___________________

Алдым: Т.А.Ә. / көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

20__ жылғы «___» _________

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2016 11:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.03.2017 15:41
Қаралым саны: 211
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
Сайттың әзірлеуші ИНТЕГРО Компаниясы
Яндекс.Метрика