Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру

Жүктеу (DOCX 170 Kb)

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20291 болып тіркелді

"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы                                                                                                                           К. Ускенбаев     

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 168 бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) таралады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) береді.

4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) - объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу сатысында және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөлу кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;

2) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік объектілері) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

3) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі - адрестеу) - жеке реттік нөмірді бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;

4) мекенжай - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);

5) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мекенжай тіркелімі" АЖ) - Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы мәліметтерді қалыптастыруға, жинақтауғ, өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

6) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі - МТК) - "Мекенжай тіркелімі" АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;

7) тұрақты адрестеу - осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті алу тәртібі

5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электронного үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.

6. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде:

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама;

3) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжай беру туралы анықтама;

4) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын жою туралы анықтама қалыптасады.

7. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтінімді қалыптастырады, "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҚШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылданғаны туралы мәртебе "жеке кабинетке" жолданады.

"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға сұрау келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

8. "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде мәліметтер жоқ екені туралы ескерту қалыптасады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

9. Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

10. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті алуға өтініш қабылдау кезінде электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтінімді қалыптастырады және "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға жолдайды.

"Мекенжай тіркелімі" АЖ-ға өтінім келіп түскен сәттен бастап сұрау салуды өңдеу 15 (он бес) минут ішінде жүзеге асырылады.

"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша архивтік мәліметтер болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихынсыз) нақтылау туралы анықтама;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын (тарихымен) нақтылау туралы анықтама қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушы беріледі.

"Мекенжай тіркелімі" АЖ-да жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы архивтік мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" үшін ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - "ХҚО" АЖ) және ЭҮШ интеграциялау арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

11. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы берудің жалпы мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шішім қабылдау үшін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барады және МТК көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да міндетті тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қортындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;

2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау туралы анықтаманы беру;

3) не осы Қағидаларға 14-тармаққа сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты, ЭҮШ арқылы Мемлекеттік корпорацияға нәтижені бере отырып жолдайды.

13. Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы беру жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе уәкілетті өкіл уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға жеке тұлғаға нотариальдық расталған сенім хатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:

1) объектіні өз бетімен тұрғызу;

2) объетілер жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілер, шаруашылық құрылыстар, гараждар, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілері, тазарту құрылыстары, мұнай айдайтын құрылыстар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылыстар, мобильдік павильондар, дүңгіршектер, шатырлар, аялдамалар, бақтар, саябақтар болса.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

15. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі - уәкілетті орган) не уәкілетті органның басшысының блогында "Уәкілетті орган басшысының блогы" беті) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).

Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі

Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Мақаланы құрған күні 18.04.2016 11:23
Мақаланы жаңартқан күні 16.04.2020 12:53
Қаралым саны: 4594
© 2020. Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы